Жаңалықтар
«Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының КРИРПО ЖОО-мен бірлескен вебинары
«Балам» деген ел болмаса,
«Елім» деген бала қайдан шығады
А.Байтұрсынов
Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйек күні сағат 13:00-де М.Ауезов атындағы ОҚУ, Тарих және педагогика факультетінде (№7 ғимарат) «Бородинское сражение – день воинской славы России» атты вебинар өтті. Вебинар университетіміздің серіктесі «Кәсіби білімді жетілдіру Кузбас аймақтық институты» (КРИРПО) мекемесімен бірге жүргізілді. КРИРПО ректоры саясат ғылымдарының докторы Аман Тулеев болып табылады.
Бірлесіп өткізген іс-шараға Моңғолия, Беларусь пен Өзбекстанның ғылым және білім саласының өкілдері де қатысты. Ресей тарапынан үйлестіруші болып ГБУ ДПО "КРИРПО"-ның халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Елена Викторовна Медведева, Қазақстан тарапынан М.Ауезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика» факультеті «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Отарбаева Гүлжан Көбейқызы болды.
Тарихшылардың көшбасшысы Г.К.Отарбаеваның ат салысуымен өткен іс-шараға ұстаздар мен студенттер қауымымен қатар өлкеміздегі бірқатар мекемелердің бөлім меңгерушілері мен ғылыми қызметкерлері, мұражайлар мен кітапханалардың директорлары қатысты. Атап айтсақ, Түркістан облысының тарихи-өлкетану мұражайы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы, «Шымқала» цитаделі тарихи-этнографиялық мемориалды комплексі, т.б.
Вебинарды Ресейдің белгілі тарихшысы, профессор Волчек Владимир Алексеевич мырза өткізді. Оның тақырып бойынша шолу баяндамасы көрермен аудиторияның қызығушылығын арттырды. Онлайн мастер-класстың тұжырымдамасын жасаған Гүлжан Көбейқызы Бородино шайқасы қазақ тарихында да өзіндік рөлі бар екенін атап кетті. Аталған шайқас мазмұны жағынан Аңырақай шайқасымен теңестірді. Қазақ тарихындағы Жоңғар шапқыншыларымен күресі – ата-бабаларымыздың ерлігінің бейнесі.