Жаңалықтар
«НұрОтан» партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезінің қорытындыларын бекітуге арналған тезис бағыттарына үн қосу
«НұрОтан» партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезінің қорытындыларын бекітуге арналған тезис бағыттары бойынша Мемлекет басшысы саяси элитаны ғана емес, бүкіл халықты жұжырықтай жұмылуға шақырды. Бұл жегеніміз «Жаңа Қазақстан» аясындағы топтасуды білдіреді. Мемлекет басшысы қазіргі алдымызда тұрған сын-қатерлерді жеңу мен жою жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жүк көтеруді ел алдындағы міндет ретінде ұсынады. Осы салада тың көзқарастар мен жаңа тәсілдер керектігін және халықаралық тәжірибеге сүйену қажеттігін сөз етті.
Сонымен қатар, партияның қайта құру бағдарламасы маңызды құжат екендігін ескере келе, кері байланысты күшейту, халықты жұмыспен жандандыру керектігін айтты. Спикерлер сөздерінің ішіндегі ең маңыздысы «партияны елдегі қоғамдық сұранысқа сай жаңғырту» болды. Партия қазіргі уақытта жұмыс бағытын өзгертіп, нұсқаулықтарды формальды түрде орындаудан нақты жұмыс істеуге бел буғандығы нақтыланады. Партия сьезі тұжырымдамаларында біздің әрқайсысымыз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керектігі баса айтылды.
Осы орайда айтарым, біздің Мемлекет басшысы – өз елінде ғана лайықты көшбасшы емес, халықаралық аренада құрметке ие саясаткер. Ол алдағы кезде де ең күрделі мәселелерді шешуге қабілетті. Сондықтан біз Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім артып, өзіміздің болашағымызды, өскелең ұрпақтарымыздың жарқын келешегін онымен тікелей байланыстыруымыз керектігі маңызды.
«Тарих және педагогика» факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ.к.,аға оқытушы Рсымбетова Л.А