Халқымыз жаңаша түлейтін «Аманат» партиясынан зор үміт күтеді

Бүгін, яғни 2022 жылдың 1 наурызында  еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезі өтіп, онда  күн тәртібінде  екі мәселе қаралды.

  1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
  2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуі тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Оны партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», - деп алдағы жоспарларына  тоқталды.

Сонымен қатар, сьезде партияның атын өзгерту мәселесі де көтерілді. Бұл туралыМәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды.

Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атауын неге «Аманат» деп қойғанының себебін  былай түсіндірді: «Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе - партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі заңдылық. Бұл - уақыт талабы. Осыған орай, жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. ...Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанатын болады, -деді.

Президенттің айтуынша, егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз - бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек.

Партияның атын өзгертуді біз де қолдаймыз. Өйткені халық арасында өкінішке орай, «Нұр Отан» атауы жағымды қабылданбайтыны белгілі. Сондықтан партия атын өзгертумен қатар, жұмыс істеу әдісі мен мазмұнын да өзгертіп, халыққа бетін бұрғаны дұрыс.

Қазірбіз,  азаматтық қоғам орнату, демократияны дамыту жолындамыз. Ол үшін сайлау әділетті өтуі тиіс. Сайлау әділетті болу үшін мемлекет басшысы ешқандай саяси партияның мүшесі де, басшысы да болмағаны жөн. Сонда саяси партияларға тең құқық, мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде, қоғам ырғақты дамып, экономика қарыштап өсіп, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» заман туып, «Мәңгілік ел» тұғыры беки түседі.

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.