«Тарих және педагогика» факультетінің "Психология және арнайы педагогика" кафедрасының «Ашық есік күні» іс-шарасы

2021 жылдың 08 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің №7 ғимаратының акт залында "Психология және арнайы педагогика" кафедрасының Шымкент қаласындағы колледж студенттері мен орта мектептің бітіруші оқушыларына арналған "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді.

Іс – шараның басты мақсаты-болашақ түлектерді университетпен, факультеттің Психология  және дефектология мамандықтармен таныстыру, оқу және оқуға түсу туралы, біздің университеттің артықшылықтары туралы айту.  Аталған іс-шараға Шымкент қаласының мектептері мен колледждерінің  жүзден астам түлектері шақырылды, оларға университеттің Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры М.Айтуреев, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ. Уразбаев, сондай-ақ кафедра 
меңгерушісі З. Қабылбекова университетімізге оқуға түсу және психология мамандығы бойынша таныстырып өтті.  Іс шараға шақырылған кафедраның оқытушылары мен қонақтары ( Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өкілі - Жетібаев Н.А., Шымкент қаласы "REFRAEME" тұлғаны дамыту орталығы директоры Вероцкая Г.Е., Психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығының меңгерушісі- Шегенова П.Қ. және Карибаева М. ) осы аталған мекемелерде студенттеріміздің іс тәжірибеден өтуі және жұмысқа орналасуы жайындағы сөздерін мұқият тыңдады, Ашық есік күні барысында болашақ абитуриенттер М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқа ЖОО-лар алдындағы артықшылықтарымен танысты, бұл университет түлектерінің келешектегі перспективаларын қамтиды.

"Психология және арнайы педагогика" кафедрасының Ашық есік күні мектеп және колледж түлектеріне біздің университеттің оқытушылар құрамымен және студенттерімен танысып оқытушылардың шығарған оқулықтарымен өнерлі студенттердің өнерін тамашалап университетіміздегі психология мамандығының болашағына сенімділік артырып, мүмкіндіктердің мол екендігіне көз жеткізді.

 


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.