ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ - ӘУЕЗОВ

     Қараша айының 23-жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ТП-19-14дкр мен ТП-19-19к топ студенттері заңғар жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арнап «Әлемге әйгілі - Әуезов» атты ашық тәлімгер сағаты өтілді. «Тарих және педагогика» факультетінің аға тәлімгері Малғайдарова Г., декан орынбасары Султанова К. және "Жалпы тарих және мұражай ісі" кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Г.К., кафедраның аға тәлімгері Тоиева М.Е, топ тәлімгері Ерланқызы А. және кафедраның студент-жастары қатысты. 
     «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен ашық тәлімгер сағатында М.Әуезов шығармаларынан студенттердің арнайы дайындалған бейне ролик, презентация, бейне-ойындар  және үзінді сахналық қойылымдар көрсетілді.
    «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының мамандығының студенттері қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының ірге тасын қалаушылардың бірі, академик, филология ғылымының докторы, профессор, аудармашы Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арнау өлеңдерін көпшілікке тарту етті.
    Шара барысында студенттер М.Әуезов толғаған қазақтың кең байтақ даласының баласы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Ұлы Абайдың "Қаракөз", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін нақышына келтіріп шырқады.
    Кеш соңында кафедра меңгерушісі Отарбаева Г.К., ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Осылайша, қазақ әдебиетін әлемге әйгілі еткен Әуезовтің есімін ұлықтауға арналған әдеби іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қазақ ұлты барда, ғұлама жазушының асыл мұрасы мәңгілік жасай бермек.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.