Жаңалықтар
"Абай және Пушкин - уақыт байланысы" атты интеллектуалдық ойын.
19.11.2024 ж. А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл және А. Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай "Абай және Пушкин - уақыт байланысы" атты жоғары оқу орындары арасында қалалық зияткерлік Quiz турнирі өтті. Байқауға Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Ж.А.Тәшенов атындағы университеттің командалары қатысты. 3 кезеңнен тұратын турнир ұлы ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған. "Жалпы педагогика және психология" кафедрасының студенттер тобы құрметті 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!


