«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҮШІН КЕҢЕСТЕР, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

  2022 жылдың 29-желтоқсан күні М. Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және Педагогика» факультетінің 7-ғимаратына қарасты оқырман залында ««Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өту үшін кеңестер, тәжірибе алмасу» атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды бас спикер ретінде «Болашақ» бағдарламасының түлегі, М. Ломоносов атындағы ММУ-де ғылыми тағылымдамадан өтіп келген, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға оқытушысы Пазилов Ержан Жарқынбайұлы жүргізді. Семинар барысында спикер тарапынан «Болашақ» бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдама өтетін университетті және ғылыми кеңесшіні қалай таңдау керек, конкурс талаптарына сай қажетті құжаттарды қалай жасау қажет деген мәселе төңірегінде  өте құнды мәліметтер берілді. Іс-шара соңында «Тарих және педагогика» факультетінің деканы ф.ғ.к., доцент Уразбаев сөз алып, профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру және факультеттің ғылыми әлеуетін жоғарлату үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі 500 ғалым жобасына қатысып, бақ сынауды жоспарлап отырған ізденушілерге сәттілік тіледі.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.