«Дефектология» мамандығы бойынша студенттердің пәндік байқауы

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және педагогика» факультеті, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының «Жас дефектолог» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дефектология» мамандығы бойынша «Менің мамандығым – мақтанышым» атты студенттердің пәндік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады және  республикалық студентердің пәндік олимпиадаға баратын студенттерді іріктеу.
2022 жылы 16 қарашада, сағат 12.00-де №7 корпустың акт залында 
«Дефектология» мамандығы бойынша студенттердің пәндік байқауына 3-4 курс студенттері, «Күн шуақ», «Интеллект», «Демеу», «Бірлік» атты командалар  қатысты.
Байқау бағдарламасына  сәйкес, додаға қатысушылар 5 байқау кезеңдерін өткізді: «Өзін-өзі таныстыру», «Миға шабуыл», «Логопедиялық калейдоскоп», «Педагогикалық шеберлік»,«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»(тестілеу кезені)
Командалардың даярлығы және байқаудың барлық кезеңдерінен өтуде студенттердің жоғары көрсеткіштері мен тамаша дайындығын көрсетті.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2022 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.