Жаңалықтар
Ұлы Жібек Жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың қараша айының 18-күні, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Жалпы тарих және музей ісі" кафедрасының магистрі,аға оқытушысы Таштанов Жаңабек Әлібекұлының жетекшілігімен "Шым қала" тарихи-мәдени кешенінде, "Отырар" мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің "Ұлы Жібек Жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті" атты жылжымалы көрмесінің, 6В01610-"Тарих" мамандығының 2-ші курс студенттері ашылу іс-шарасына қатысты. Ол көрмеде жер асты мұражайында Отырар мұражайының экспонаттары дәнді дақылдар,кетпен, қыш ыдыстар,темір ыдыстар және сол замандағы әшекей бұйымдармен танысты.Іс-шара жоғары деңгейде өтті.