«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы

 

    

Отарбаева Гулжан  Көбейқызы

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

Байланыс мәліметі: №7 ғимарат, 306 кабинет

Байланыс сымтетігі: 8(7252) 41-43-69

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Профессор-оқытушылар құрамы

►Кафедра тарихы

Жаңалықтар

Жетістіктер және жүлделер

►Оқу-әдістемелік жұмыстар

►Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

►Тәрбие жұмысы

►Хабарландыру

 

Кафедра М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 1998 жылы ашылды. 2014-2015 оқу жылы «Кітапхана ісі», «География», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарының бірігу негізінде кафедра «Жалпы тарих және мұражай ісі» деп аталды. Қазіргі кезде кафедра «Тарих», «Кітапхана ісі», «Археология және этнология», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау», «География» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарды дайындайды.

   Кафедрада ШС «ОҚО тарихшылар мен саясаттанушылар қоғамы» төрағасы, «ЖОО үздік оқытушысы» (2014), ҚР Президентінің «Болашақ» степендиясының иегері т.ғ.д., профессор А.И. Исмаилов жұмыс істеген.

   Кафедра ұжымы белсенді түрде ҚР БҒМ гранттық қаржыландырылатын «Ежелгі Отырар Азияның мәдени дәстүр қиылысында» (Қаңлы дәуірі) тақырыбы аясында жұмыс істейді. 1998 жылдан «Кітапхана ісі», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтары бойынша РОӘК қызмет жасайды. 2015 жылы кафедра оқытушылары М. Ломоносов атындағы ММУ студенттері мен магистранттары, т.ғ.д., профессор Д. Функпен бірге «ОҚО киелі орындары» атты жазғы мектеп ұйымдастырды. Кафедра студенттері академиялық ұтқырлық бойынша Польша, Ресей жоғары оқу орындарында білім алады. ФГОС тааптары бойынша 5В041900 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау мамандық студенттері III Халықаралық оқу және ғылыми студент, магистрант, аспирант және доктарант жұмыстарының QUALITY EDUCATION – 2017 байқауына қатысып, I және II дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

   Ресей, Өзбекстанның жетекші ЖОО – мен халықаралық байланыстар орнатылған. Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея сиақты алыс шетел университеттерімен жемісті бірлескен жұмыстар жүргізілуде.