Кафедра тарихы

 Кафедра тарихы

«Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы 10 қаңтар 2020 жыл құрылған. «Тарих және педагогика» факультет құрамында жұмыс атқаруда. Кафедра бакалавриат және магистратура бағыт бойынша мамандар даярлайды.

2020 жылдың 15 қаңтар аралығында кафедра «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы тарапынан кезекті ресертификациялық аудиттен сәтті өтті.

Кафедрада 14 білім беру бағдарламасы негізінде мамандар даярлайды, оның ішінде: бакалавриат - 8, магистратура - 6.

Кафедра келесі мамандықтан мамандар даярлайды:

6В01, 7М01 - Педагогикалық ғылымдар: 6В01610 - Тарих,

6В02, 7М02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар: 6В02220 Тарих, 6В02230 – Археология және этнология, 6В02240 - Музей  ісі және ескерткіштерді қорғау, 7М02220 -  Тарих, 7М02230– Археология және этнология;

6В03,7М03 - Әлеуметтік ғылымдар,  журналистика және ақпарат: 6В03210 – Кітапхана ісі, 7М03210 – Кітапхана ісі.

.

Оқу үдерісін жоспарлау және теориялық білімді өндірісте практикалық дайындықпен ұштастыру негізінде кафедрада „Кітапхана ісі“ мамандығында дуальды оқыту жүйесі енгізген.

Есепті кезеңде дуальді оқыту жүйесін енгізу негізінде келісім-шарттар жасалып, өндірісте  6В02, 7М02  - Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағытының  6В02220 -  Тарих мамандығы бойынша кафедра филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде (Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві). Филиалда өндірістегі тәжірибелі мамандарды тарта отырып, дәріс және семинар сабақтар өткізіледі.

Оқу жылында студенттер арасынан үштілді арнайы топтарын құру үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандары өтіп, ТП 18-4тк тобынан студент іріктеліп алынды. Кафедра оқытушылары ағылшын тілінде дәріс беруге кіріспес бұрын, арнайы комиссиядан іріктеу конкурсы арқылы өтті. Үштілді топтарда сабақ беретін оқытушылардың саны 1 адамды құрайды, қазіргі таңда кафедраның  6 профессор оқытушысы құрамы әртүрлі деңгейде: PreIntermediate, Intermediate, Upper-Intermediate ағылшын курстарына қатысуда.

Кафедра №7 оқу корпусы А.Байтурсынов көшесінде №306 аудитория профессор оқытушылар үшін орналасқан.

Кафедраның оқу-өндірістік базалары: Шымкент қаласының орта және жалпы мектептері мен гимназия, лицейлері, Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысының мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Д. Қонаев мемориалдық музейі, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», қалалық жасөспірімдер  кітапханасы, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.

   «Жалпы тарих және мүражай ісі» кафедрасында 24 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде – 1 тарих ғылымының докторы, профессор, 1 PhD докторы, 1 педагогика ғылымының докторы, профессор 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 тарих ғылымдарының кандидаты, 1 философия ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды.

Магистратураның бiлiм беретiн қызметiнің іс-әрекеті"

Бағдарламаның мазмұны

 Кафедра бірнеше бағытта магистраттарды дайындайды:

7М01 Педагогикалық ғылымдар: 7М02 –Өнер және гуманитарлық ғылымдар: 7М02220 -  Тарих, 7М02230– Археология және этнология

7М03 – Әлеуметтік ғылымдар,  журналистика және ақпарат: 7М03210 – Кітапхана ісі. Магистранттар 2 жыл бойы магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, мерзімді басылымдарда және БАҚ-да жариялайды. 2019-2020 оқу жылында барлығы 18 мақала жарық көрген. Оның 3-ККСОН, 7-мерзімді басылымдарда, 8-әртүрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық конференцияларда жарық көрген.