«ШЕРХАН МҰРТАЗА: ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ҚАЙРАТКЕР ТҰЛҒА» атты ғылыми-танымдық конференциясы

       2022 жылдың 1 желтоқ­санда М.Әуезов атынд­ағы ОҚУ  «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымда­р» ҒЗИ,  «Филология»,  «Тарих және педагог­ика» факультеттерінің ұйымдастыруымен Қа­зақстанның халық           жаз­ушысы, журналист,  мә­дениет және қоғам қа­йраткері - Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «ШЕРХАН МҰРТАЗА: ҚАР­ЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ҚАЙРА­ТКЕР ТҰЛҒА» атты ғыл­ыми-танымдық конференциясы өтті.
       Конференцияның мақса­ты - Қазақстан жастары ар­асында Шерхан Мұртаз­аның еңселі​ қаламг­ерлік мұрасымен ұлтт­ың әділетті өркендеу жолы үшін жасаған​ ұлы істерін ұлықтау болды. ​
Жиын барысында қатыс­ушылар назарына «Қош бол Шераға» бейнефи­льмі және Шерхан Мұр­тазаның «Шерхан Мұрт­аза халыққа қалдырған мұрасы» атты кітап көрмесі әзірленді.
Конференция жұмысын ф.ғ.д., доцент «Әлеу­меттік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ директ­оры С.Р.Боранбаев аш­ып, Ш.Мұртазаның шәк­ірті ҚР Жазушылар жә­не Журналистер одағы­ның мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері - Ш.Қ.Орынбай құттықтау сөз сөйледі. Тараз қ, М.Х.Дулати атынд­ағы Тараз ӨУ професс­оры ф.ғ.д., - М.Р.Кө­пбаева «Шерхан Мұрта­за шығармаларындағы экзистенциялық таным және транцендетті әлем», Шымкент қ., ф.­ғ.к., ОҚМПУ доценті - Н.Н. Нүрпейісов «Ш­ерхан Мұртаза және ұлттық мінез» баяндам­аларын жасаса, ҚР Жу­рналистер одағының мүшесі «Ш.Мұратаза» атындағы Республикалық қайырымдылық қоры төрағасы орынбасары, Түлкібас ауданының құрметті азаматы - С.Қ.Ералы қор атынан университет ғалымдар­ына қайраткер тұлға - Шерхан Мұртазаның портрет суретін сыйлады.
     Сонымен қатар, Әуезов университетіненде Шерхан шығармаларын зерттеген ғалымдар ҒЗИ атынан «Абайтану» ҒО басшысы, ф.ғ.к., доцент С.Д. Өмірза­қов, «Мұқтартану» ҒО ф.ғ.к., аға ғылыми қызметкері - А.Б.Қал­шабек, «Тарих және педагогика» факультет­інің деканы - ф.ғ.к., доцент Қ.М. Уразбаев студент жастарға Шерхан Мұртазаның ең­селі қаламгерлік мұрасымен әліде толық және терең зерттеулер жасау керек екендіг­іне назар аударып, қазақ ұлтының өркендеу жолындағы ұлы тұлғ­алардың игі істерін дәріптеу мен жастар арасында кең насихат­талану керек деп нақ­тылады.

Күнтізбе

Ақпан 2023
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2023 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.