Қызықты көңіл, студенттік өмір!

 «Тарих және педагогика» факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен халықаралық студенттер күніне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты студенттік кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденушілікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. 
     «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ.М. Уразбаев 1 курс студенттерін алғашқы мерекелерімен және студент атануымен құттықтады.
 - Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ мұғалім болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету университет ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
     Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселе жөніндегі декан орынбасары Г.Т. Малгайдарова сөз алды: - Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.  Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.
    Студенттер өз өнерлерін көрсетті. Іс–шараның өтуіне атсалысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз! 

Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.