Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

        Шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл.
       Қазақ әдебиеті мен баспасөзіне өлшеусіз үлес қосқан  заңғар жазушының мерейтойы  туған жері Жамбыл өңірінде өтті. Еңселі ескерткіш пен өзі тұрған үйінде мұражай ашылды.
      Мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның мерейтойы ескерткіштің ашылуымен басталды. 8 метрлік тас тұғыр Халықаралық университетінің алдына қойылған. Онысы бекер емес, себебі мереке тұсында білім ордасы халық жазушысының атын алып  отыр. Ашылу салтанатында зиялы қауым  өкілдері Шерағаның елге сіңген еңбегін айтып, сөз зергерінің өнегелі өмірінен сыр шертті.
      Мерейтой «Көне Тараз» орталығындағы ғылыми конференцияға ұласты.
       Ғылыми тәжірибелік конференцияның мақсаты: «Ақиқаттың алдаспаны, намыстың наркескені атанған ардақты Шерағаның саналы ғұмырын ұлт руханиятының дамуына арнаған қарымды қаламгер, қайраткер тұлға сөз зергері Шерхан Мұртаза журналистикада тұтас бір буынды тәрбиелеп, таланттарға жол ашқан, өзіндік мектебін қалыптастырған қазақ баспасөзінің мәуелі бәйтерегі болғандығын жас ұрпаққа жеткізу болды.
     «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ.М. Уразбаев ғылыми конференцияға қатысты. Торқалы той жазушының туған жері Талапты ауылында жалғасты.

Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.