«ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

29.11.2021ж. күні «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Л. А. Рсымбетова және оқытушы А.С. Талман ТП – 21 – 13к1, ТП –13к2, ТП – 13к3 топ студенттеріне «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында студенттерге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы, салиқалы саясаты және әлеуметтік - экономикалық реформалары түсіндірілді. Сонымен бірге ҚР Тұңғыш Президенті күнінің тарихи маңыздылығы туралы айтылды.