«Тарих және педагогика» факультетінің «Ашық есік күні» іс-шарасы

2021 жылдың 29 қарашасы күні сағат 10-00 де М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің 7-ғимаратында  «Тарих және педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы тарих және мұражай ісі», «Қазақстан тарихы», «Саясаттану» кафедраларының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласындағы №1 Пушкин атындағы мектеп-гимназия, Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі, №54 жалпы орта мектебі, №41 жалпы орта мектебі, №71 жалпы орта мектебі, №24 IT мектеп-лицейі, М. Маметова №111 жалпы орта мектебінің бітіруші түлектері арнайы шақырылды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан «Түркістан қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» директоры Шардарбекова Г., Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің бас маманы Әбдіқали Б., Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясының саяси бөлім басшысы Байқонысов Е.Р., «Оңтүстік Патент» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елібаев М.Ж. қатысты. Алғашқы сөз «Кәсіби бағдар беру» орталығының басшысы М.Ж. Айтуреевке беріліп, биылғы ҰБТ жайлы ақпараттар берілді. «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Қ.М. Уразбаев, кафедра меңгерушілері- Г. Отарбаева, С. Жүнісбаев, М. Жумабеков өз бағыттары бойынша мамандықтарға сипаттама берді. Бітіруші мектеп түлектеріне кафедра мамандықтары жайлы бейнероликтер, тарихи сахналық көріністер көрсетіліп, жарнамалық буклеттер таратылды. ZOOM платформасы арқылы «Тарих» мамандығын бітіріп, қазір еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда еңбек етіп жүрген түлектеріміз де іс-шараға қосылып жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында мектеп бітіуші түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, оқу ғимаратында экскурсия өткізілді.


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.