Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның экспедициясы

Қараша айының 26 күні үшінші бағыт бойынша 372 көтерілісті басу кезінде сотсыз немесе тергеусіз атылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ соттан тыс және сот органдарының осы көтерілістерге қатысқаны және қолдағаны үшін қуғын-сүргінге ұшырағандарын зерттеу, қорытынды жасау және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша жұмыс тобының зерттеушілер мен студент волонтерлер құрамымен экспедициялық зерттеу жұмысын жүргізді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының ТП-19-3к студенті А.Абатовамен ТП-20-3к тобының студенттері Абдимаулен А, Алтынбек Д, Естау С, Тажмет Е, О.Құдайымбердімен жетекші Таштанов Ж.А  экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция бағыты Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабының, Өтеміс тұрғын алабының, Шапырашты тұрғын алабының және Мәртөбе тұрғын алабының ауыл билерімен жергілікті тұрғындармен кездесу болды. Экспедициялық зерттеу жұмысының кезінде жәбірленушілер мен зардап шеккендердің, сотталғандардың қылмыстық істерін 1926 жылғы РСФСР ҚК-нің 58, 59, 69, 61, 62, 73, 79, 82, 95, 97, 105, 107, 108, 110, 111 және 371 баптары бойынша қосымша дәлелдік материалдар жинау және ұрпақтар сабақтасы бойынша  жұмыс жүргізілді.

     Ұлт-азаттық қозғалысына және қазақстандықтардың Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресіне байланысты тарихи орындар мен тарихи оқиғаларды анықтады.Сайрам және Мәртөбе тұрғын алабында қазақ ұлтынан өзге ұлттардың өкілдерімен кездесу жүргізіліп олардың тарихы туралы талқыланды. Өтеміс және Шапрашты ауылдарында ақсақалдармен жас үлкен қариялармен сұхбат алынды. Іс-сапарды Шымкент қаласының Ішкі саясат бөлімі және Қаратау ауданының өкілдері ұйымдастырды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.