Болашақ дефектологтар арасында студенттік пәндік байқауы өтті

Студенттер күні қарсаңында, 2021 жылдың 17 қарашасында  М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Тарих және педагогика» факультеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының  «Жас  дефектолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен (жетекшісі аға оқытушы Қалыбекова С.К.) 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша студенттердің пәндік байқау  өткізілді.

Байқаудың мақсаты:  арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша бірыңғай білім беру кеңістігін құру. Қатысушылар  арасынан Республикалық байқауға қатысатын студенттерді іріктеу.

Байқауға 2-4  курс студенттері  қатысып, қалалық мектептердің  бітіруші оқушылары да тартылды. Іс-шараға  Факультет деканы Уразбаев Қ.М., кафедра меңгерушісі Қабылбекова З.Б. және кафедра оқытушылары  белсене қатысты. Студенттер күніне  арнайы  өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті.