Ашық есік күні

   М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Кәсіптік бағдар беру орталығы және «Тарих және педагогика» факультеті № 7 оқу ғимаратында Шымкент қаласы, Түлкібас ауданының бітіруші түлектеріне білім беру бағдарламаларын, оқу-зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында "Ашық есік" күнін өткізді.
   «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы, «Мектепке дейінгі бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Ермекбаев Мұхтар Әбенұлына, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гүлжан, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Үсенова Ақкенже Мұқанқызы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Джунисбаев Серік Мұтанұлы, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы және Кәсіптік бағдар беру орталығының медиа бөлімінің жетекшісі Қайықбаев Мейрбек Жумабайұлына сөз берілді.
  «Тарих және педагогика» факультетінің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектерге университет жайында және факультет туралы түсірілген бейне роликті тамашалады.
    Ашық есік күнінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіби бағдар беру жұмыстарына және іс-шараға белсенді қатысқан бірқатар мектеп және колледж директорлары алғыс хатпен марапатталды.
    Іс-шара соңында оқушылар мен ата – аналардың сұрақтарына жауап берілді.

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.